Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Әділ сөз» қоры Правовой медиа-центр аккаунтының бұғатталуына назар аударды

11 тамыз 2026

«Правовой медиа-центр» қоғамдық қорының «Media Qoldau» құқықтық қызметінің жетекшісі Гүлмира Біржанова Facebook әлеуметтік желісі «Правовой медиа-центр» қорының директоры Диана Окремованың аккаунтына кіру мүмкіндігін шектеді деп хабарлады.

Жазбаны бұғаттау мен өшіруге негіз ретінде «үшінші тараптың авторлық құқығын бұзу» туралы шағымы және зияткерлік меншікке қатысты пайдаланушы келісімі бұзылғаны көрсетілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Правовой медиа-центр жекеменшік БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландыру туралы ақпаратқа қолжетімділік мәселесі бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы сотқа шағым түсірген болатын.

Диана Окремова соттан мәдениет Министрлігінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі жеке меншік БАҚ гранттарына бөлінген бюджет қаражатының мөлшері туралы ақпарат беруден бас тартуын заңсыз деп тануды, сондай-ақ министрліктен сұратылған ақпаратты толық көлемде беруді және сұратылған ақпаратты таратылуы шектеулі қызметтік ақпарат санатына жатқызуды негізсіз деп тануды сұрады.

Жауапкер тарап талаптарды негізсіз деп санап, келіспеді. Министрлік сұралған мәліметтер қол жетімділігі шектеулі ақпарат санатына жататынын айтып, арызынан бас тартуды ұсынған.

Диана Окремова Instagram-да осы жағдайға пікір білдіріп, аккаунтының бұғатталуын кәсіби қызметімен тікелей байланыстырды: «Менің ФБ парақшам зияткерлік меншіктің бұзылуына қатысты бұғатталған. Атап айтқанда, министрлікпен сот туралы жазбама байланысты», - деп жазды.

Бұл Диана Окремованың 12 шілдедегі жазбасына қатысты. Онда ол ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы арыз бойынша сот отырысы өтетінін хабарлаған.

Жазбада: «Достар, ертең Мәдениет министрлігімен сот болады! Сот отырысы 13 шілдеде сағат 15:00-де өтеді...» - делінген.

Гүлмира Біржанова болған жағдайды «масқара реакция» деп атап, ақпараттық кеңістікті тазалаудың қауіпті прецеденті деп бағалады.

«Әділ Сөз» қоры аккаунтқа жаппай шағым түсуін салалық министрлікпен арадағы сот процесінің жария болуын шектеу әрекетімен байланыстырып, тәуелсіз медианы бұғаттауды тоқтатуды талап етті.

Өз сұрағыңызды қойыңыз