«Әділ сөз» қоры әскери журналист Владимир Северныйдің жағдайына алаңдаушылық білдіреді

Адвокаттың айтуынша, прокуратура мен түзету мекемесі әкімшілігінің қолдауы мен барлық заң талаптарын орындағанына қарамастан сот Владимир Северныйді мерзімінен бұрын шартты түрде босатудан бас тартты.
Адвокат Елена Жигаленок Алматы облысы Алатау қаласының соты қорғауындағы Владимир Северныйды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тарту кезінде заң талаптарының бұзғанын мәлімдеді.
Еске салсақ, 2023 жылғы 4 желтоқсанда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әскери журналист Владимир Северный мен оның жұбайы Наргиз Севернаяны аса ірі көлемде бопсалау бабымен соттады. Владимир Северный орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Наргиз Северная 8 жылға сотталғанымен, кішкентай баласының болуына байланысты оның жазасын өтеу мерзімі 5 жылға кейінге шегерілді. 2024 жылдың қаңтарында апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Екі журналисте өз кінәларын мойындаған жоқ.
Адвокаттың айтуынша, 2026 жылғы 15 шілдеде жазаның белгіленген бөлігін өтеп, 63 жасқа толған Владимир Северный шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге құқық алған (ҚР ҚК-нің 72-бабының 4-бөлігі).
Журналист ҚР ҚК-нің 72-бабында белгіленген барлық талаптарды толық орындаған:
Мүліктік залал келтірілмеген, сот шығындары мен жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына аударылатын төлем толық өтелген;
Режимді қасақана бұзу фактілері жоқ;
Мінез-құлық рейтингі оң (екінші деңгей); 5 рет мақтау алған, жеңілдетілген режимге ауыстырылған және мекеме ішінде жұмыспен қамтылған.
Өтінішті колония әкімшілігі де, прокурор да қолдаған. Алайда судья Бауыржан Райсов мерзімінен бұрын босатудан бас тартып, материал «түзелу деңгейінің жеткілікті екенін көрсетпейді» деген уәж келтірген. Ал режим талаптарын сақтау сотталған адамның міндеті екенін атап өткен.
Қорғау тарапы бұл тұжырымды негізсіз әрі ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына қайшы деп санап, апелляциялық шағым түсірді.
«Әділ сөз» қоры апелляциялық инстанцияны іске объективті құқықтық баға беруге, ҚР заңнамасы талаптарының қатаң сақталуын және журналистің шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығын қамтамасыз етуге шақырады.



