«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры ширек ғасырдан бері сөз бостандығының сақшысы болып келеді.
12 сәуір 2024
1999 жылдың 12 сәуір қор құрылған күннен бастап - біз әрқашан ақпарат майданында жүргендерді - журналистерімізді, олардың құқықтары мен шындықты айту мүмкіндігін қорғаймыз. Осы жылдар ішінде күн сайын біз сіздер, яғни БАҚ, олардың оқырмандары, көрермендері және бүкіл қоғамымыз үшін жұмыс істейміз.
Біз осы жылдар бойы жанымыздан табылғандарға - серіктестерімізге, донорларымызға, әріптестерімізге және достарымызға алғысымыз шексіз. Сіздердің қолдауыңыз бен бізге деген сеніміңіз - бұл біздің жұмысымыздың негізі. Қазақстандағы баспасөз шынымен де еркін және тәуелсіз, барынша жедел және шынайы ақпарат беріп отыруы үшін біз бар күш-жігерімізді салуды жалғастырамыз.