Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

30-дан астам қазақстандық журналист факт-чекинг және журналистік зерттеу бойынша тереңдетілген білім алды

12 қыркүйек 2024

2024 жылдың 7-9 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының ұйымдастыруымен, Нидерланды Королдігі елшілігінің қолдауымен және тәуелсіз халықаралық зерттеушілер тобы, Bellingcat азаматтық журналистер тобының қатысуымен факт-чекинг редакторларын дайындайтын үш күндік тереңдетілген семинар өтті.
Семинарға күрделі журналистік зерттеу жүргізіп, қызықты мақала жазғысы келетін 150-ге жуық журналист қатысуға өтініш берді. Орын саны шектеулі болғандықтан Қазақстанның әр аймағынан 30 үміткер ғана қатысты.


Семинар Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Нико Схермерс пен шараны ұйымдастырушылардың видео құттықтауымен басталды.  
Семинардың тренерлері Орталық Азия деректеріне маманданған Bellingcat зерттеушісі Айғаныш Айдарбекова, OCCRP (Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықты хабарлау жобасы) журналисі Метин Казама болды.  Олар қазақстандық журналистерді оқытты.

Қатысушылар 
- іздеу операторлары деген не және оларды журналистік зерттеуде қалай пайдалану керек 
- фото және видео материалдың шынайылығын қалай тексеруге болады 
- геолокация және карта қызметтері арқылы қандай ақпаратты алуға болады
- цифрлық ізді қалай «алуға» болады және ол қайда апаруы мүмкін  
– бетті тану жүйесі журналистерге көмектесе ме  және т.б. журналистік зерттеудің қырларын меңгерді.  Қатысушылар тапсырмалар мен машықтану жобалары кезінде алған білімдерін іс жүзінде қолданатындарын айтты.

Журналист Катерина Попкова: «тренерлер мен ұйымдастырушыларға көп рахмет. Тренинг өте қызықты, пайдалы және мазмұнды болды» -деп жазды. 
Тағы бір қатысушы Татьяна Файл: «Ұйымдастырушылар мен спикерлерге үлкен рахмет айтқым келеді. Практикалық сабақтың арқасында  бәрі ойымда жақсы сақталды, енді мен жаңа құралдарды қолданамын) тәжірибелерімен бөліскен әріптестеріме рахмет. Сіздер кереметсіздер! – деген пікірін білдірді.
Тағы бір қатысушысы Нурбек Дауренбеков: «Әділ сөз» қорының ұйымдастырушыларына үлкен алғысымды білдіремін. Әрбір семинар тренингісіне келген сайын қаншама идеяларға қанығып, журналистикаға деген орасан шабыт алып қайтамын. Сіздерге көп рахмет. Қордың атқарып жатқан жұмыстары ортақ мүдде жолындағы журналистік мектепке айналды. Енді журналистиканы дамытатын ірі қоғамдық институт боларына сеніміміз мол. Ықыласымызда, алғысымызда шексіз» - деп жазды.  

Bellingcat - мексикалық есірткі картелінің қызметі мен адамзатқа қарсы қылмыстардан бастап, химиялық қаруды қолдану фактілерін анықтауға және бүкіл әлемдегі қарулы қақтығыстарды бақылауға дейінгі ашық көздер мен әлеуметтік желілердегі деректерді талдау негізінде көптеген мәселелер бойынша зерттеу жүргізетін тәуелсіз халықаралық зерттеушілер мен азаматтық журналистер тобы. Bellingcat жобасының мүшелері мен қатысушылары әлемнің 20-дан астам елінен шыққан. Bellingcat өз жұмысында ең жаңа технологияларды криминалистикалық талдау және журналистік зерттеу әдістерін біріктіріп қолданады, ашықтықты қолдайды.

OCCRP - әлемдегі ең ірі зерттеу журналистикасы ұйымдарының бірі, алты континентте қызметкерлері және Амстердам, Вашингтон және Сараевода кеңселері бар. Нақты өзгерістерді тудыруы мүмкін оқиғаларды жариялау үшін басқа медиамен ынтымақтасатын коммерциялық емес жаңалықтар ұйымы. OCCRP сонымен қатар бүкіл әлем бойынша медианы дамыту және зерттеу журналистикасын ілгерілету платформасы ретінде қызмет етеді.

Өз сұрағыңызды қойыңыз