12 маусым-Абай облысында өртті сөндіру кезінде қаза тапқандар үшін жалпыұлттық аза тұту күні
12 маусым 2023
Алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің қазасы күллі қазақтың қабырғасын қайыстырды. Біз бейбіт уақытта ерлік жасап, отандастары мен өз елінің байлығын қорғау үшін өмірлерін қиған нағыз батырлардан айырылдық. Тілсіз жауды ауыздықтандыру жолында, кәсіби істеріне адалдық танытып, өмірден өткен барша отандастарымыздың жақындарына "Әділ сөз" қоры қайғыра көңіл айтады.