Журналист әйелдерге арналған цифрлық қауіпсіздік бойынша тренинг «Онлайн буллингке, деректердің таралуына және интернет алаяқтыққа қарсы қорғаныс»
«Әділ Сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры мен Швейцарияның Қазақстандағы елшілігі БАҚ және заманауи медиа саласында жұмыс істейтін әйелдерді ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша тренингке қатысуға шақырады.
Әйел журналистер үшін арнайы әзірленген тренинг бағдарламасы интернеттегі қауіп-қатерлерге (олар әйелдердің қауіпсіздігіне, беделіне және болашақтағы жұмысына әсер етеді) қарсы тұруға бағытталған.
Күні: 7 желтоқсан 2024 жыл.
Время: 10:00 - 16:30
Тренинг кімдерге арналған?
Астана мен Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде жұмыс істейтін журналист әйелдер мен әйел блогерлерге.
Шарттары:
- Қатысу тегін
- Ұйымдастырушылар 5 өңірлік журналистің жол шығындарын өтей алады
- Тренинг екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі
Неге мұндай шаралар қазір маңызды?
- «Әділ Сөз» қорының деректері бойынша, соңғы 2 жылда Қазақстанда киберқауіп саны шамамен 400%-ға артқан
- Әйел журналистер ерекше осал болып табылады, себебі қауіптер олардың кәсіби қызметін ғана емес, жеке өмірін және жақындарының қауіпсіздігін де кері әсерін тигізеді
- Қазақстандағы әйел журналистердің 70%-дан астамы онлайн қудалау құрбаны болғанын айтады
- Әйелдердің 35%-ы жеке деректерге заңсыз қол жеткізу әрекеттеріне тап болған
Тренингтерден не үйренесіз?
Киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және интернет алаяқтық салаларында жұмыс істейтін 3 кәсіби IT сарапшысы:
- Қазақстандағы онлайн қауіп-қатерлер мен буллингтің нақты кейстерін талдайды.
- Интернет пен әлеуметтік желілерде деректерді қорғау бойынша практикалық құралдарды ұсынады.
- Жасанды интеллектті пайдалану және цифрлық сауаттылық туралы түсіндіреді
- Қаржылық алаяқтық пен одан қорғану механизмдері жайлы айтып береді.
Сонымен қатар, тренинг киберқауіпсіздік саласындағы негізгі тәжірибелерді, тәуекелдерді басқаруды және интернеттегі қудалаудың алдын алу стратегияларын қамтиды.
Қалай қатысуға болады?
Қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 5 желтоқсанды қоса алғанға дейін қабылданады
Анкетаны келесі сілтеме арқылы толтыруға болады: https://forms.gle/p1KBhLWT9Wc4cECe7
Қосымша ақпарат алу үшін info@adilsoz.kz электрондық поштасына немесе +7 777 400 2210 нөміріне жазыңыз.