Цифрлық медиа дәуірі – ақпаратты жылдам тарату, аудитория сұраныстарына қарай үн қату онымен қоса жоғары жауапкершілікті жүктейді. Сол себепті елімізде орын алған соңғы оқиғалар, оның ішінде табиғи апаттар, резонансты сот процесстері мен өзге де жаңалықтар журналистік этика, фактчекинг мәселелері мен жалған ақпаратты таратуға қатысты сұрақтарға ерекше назар аудартады.
Келелі мәселелерді талқылау үшін 5 маусым күні Астана қаласында Қазақстан Медиа Альянсы мен “Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау халықаралық ұйымдарының бастамасымен «Журналистік этика. Фактчекинг пен манипуляциялар» атты дөңгелек үстел өтеді. Оған медиа саласының басшылары мен журналистер, қоғам қайраткерлері қатысады.
Жиын барысында медиа өкілдерінің біліктілігін арттыру мәселелері, журналистиканың сезімтал тұстары, оқыту тренингтерін ұйымдастыру мүмкіндіктері талқыланады.
Күні: 5 маусым 2024ж.
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: «Rixos» қонақ үйі , Қонаев көшесі 7 үй
Аккредитация: +7701 333 1366 Айсұлу Адайбек