Құрметті әріптестер!
«Әділ сөз» қоры шетелдік жетекші мамандармен бірігіп фактчекинг және ақпаратты верификациялау бойынша қазақстандық БАҚ үшін редактор-фактчекерлерді даярлайтын үш күндік семинар өткізеді.
Өтетін күні: 7-9 қыркүйек, 2024 ж.
Қала: Алматы
Форматы: жеке қатысу
Тілі: орысша (қазақ тіліне аудармасы бар)
Қатысушылар:
* Ашық деректерді пайдаланып жетілдірілген зерттеу әдістерін
* Сандық контентті верификациялаудың заманауи тәсілдерін
* Видео, фото талдау және аутентификация үшін инновациялық құралдарды
* Фейк жаңалықтарды анықтау және жоюдың тиімді стратегияларын үйренеді
Өтініш 25 тамыз, сағат 18:00-ге дейін қабылданады.
Орын саны шектеулі. Өтініш беру үшін сауалнаманы мұқият толтырыңыз
Қатысу шарттары: Ұйымдастырушылар қатысушылардың жол ақысын, жататын орнын, тамағын төлейді.
Тренингке қатысу тегін.