«Әділ сөз» қоры Данияр Әділбековке тағылған айыпты қайта саралау туралы шешімді құптайды және осы істі әділ қарауды талап еткендердің барлығына қолдау білдіреді.
Журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын ерекше әлеуметтік рөлін ескере отырып, ашықтықты, әділдікті және заң талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз ету ерекше маңызды.
ҚР ҚК 419-бабы бойынша айыптаудың алдыңғы саралануы (көрінеу жалған сөз тарату) ҚР ҚІЖК 181-бабы 4-бөлігінің ережесіне сәйкес келмеді және объективті әрі әділ сын тудырды.
Қор қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін кез-келген айыптауды тергеуге объективті көзқарасты, сондай-ақ жалған ақпарат таратуға ниеттің бар екендігін дәлелдеу қажет деп санайды. Жеткілікті дәлелдердің болуы және тергеуде біржақтылықтың болмауы әрбір журналистің әділ сот пен қорғау құқығын қамтамасыз ету қоғамның құқық қорғау жүйесіне деген сенімін нығайтады.
Заңды бұзды деп айыптау заң үстемдігін қалпына келтіруге қызмет етіп, ешбір жағдайда сөз бостандығын шектеудің тәсілі болмауы керек.
Қор жалған және тексерілмеген ақпараттың таралуына үзілді-кесілді қарсы. Қоғам мен сөз бостандығы институтының мүдделерін қорғаудағы объективтіліктің маңыздылығын атап көрсетеді.
Сұрақ бойынша анықтама:
27 наурызда журналист Данияр Әділбеков «Дикая Орда» Telegram-арнасындағы мақалаға қатысы бар деген күдікпен ұсталып, кейін қамауға алынды. Автордың айтуынша, мақала ашық көздерден алынған мәліметтерге негізделген. Әділбековке көрінеу жалған сөз таратты деген айып тағылды. Жақында қылмыстық іс «көрінеу жалған ақпарат тарату» санатына ауыстырылды.