Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының АШЫҚ ҮНДЕУІ

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Ата Заңның кепілі ретінде Сізге сөз бостандығына қатысты өтінішпен тағы да жүгінуге мәжбүр болғанымызға шын жүректен өкінеміз. Біз таяу болашақта заң үстемдік құратын, еліміздің азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау үшін Президенттің жеке араласуы талап етілмейтін елде өмір сүретінімізге сенеміз. Дегенмен, Сандуғаш Дүйсенованың ісіне қатысты қазіргі жағдай сіздің назар аударуыңызды қажет етеді.

11 тамызда Талдықорғанда Orda.kz-тің штаттық қызметкері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулерімен танымал Сандуғаш Дүйсенова ұсталды. Сандуғаштың өзі мен Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенова журналистің өткір сыни материалдары сотқа дейінгі тергеуге себеп болғанына сенімді. Сандуғаш Дүйсенова еліміздегі басқада білікті  журналистер сияқты сіз жариялаған реформаларды жүзеге асыруға іс жүзінде үлес қосып, өңірлердегі сыбайлас жемқорлықты азайтуға ықпал етіп жүрген журналист.  Өңірлердегі кәсіби тәуелсіз журналистикаға қысым сіздің тапсырмаларыңызға қайшы келіп қана қоймайды, сонымен қатар орталық басқару органдарының баламалы ақпарат көздерінен өңірлердегі оқиғалар туралы ақпарат алу мүмкіндігіне нұқсан келтіреді. «Әділ сөз» қоры заңгерлерінің пікірінше, Сандуғаш Дүйсеноваға тағылған айыпта қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ және ең болмағанда әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қайта саралануы керек.

Сандуғаш Дүйсенова адам өлтіргені үшін түрмеде жазасын өтеп жатқан А.Қ.Ақжалбековтың жеке деректерін (ЖСН) заңсыз жариялады деген күдікке ілінді. 2022 жылдың 22 мамырында журналист құқық қорғау органдарына жас жігітті атып, оның қолындағы екі жасар баланы жаралаған адамды анықтауға көмектесуі тиіс материалды жариялады. Әлеуметтік желідегі мақалада күдіктінің ЖСН көрініп қалған. Бір жарым жылдан кейін Ақжалбеков Жетісу облысының прокуратурасына арыз жазып, 147-бабтың 5-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғауға негіз болды.

Біріншіден, аталған адамның ЖСН журналист мақаласын жарияланғанға дейін бір жылдан астам уақыт бұрын көпшілікке қол жетімді болғанын атап өткіміз келеді. «Сот кабинеті» арқылы кез келген адам Алматы облысы Ақсу аудандық сотының 14.01.2021 ж. № 1932-21-00-3/5 іс бойынша қаулысы арқылы А. К. Ақжалбековтың ЖСН көре алады. Екіншіден, тергеуде жәбірленушіге елеулі зиян келтіргені туралы айғақтар келтірілмеді және ЖСН мақалада көрсетілу фактісінің өзі қандай нақты құқықтар мен заңды мүдделерге байланысты елеулі зиян келтірілгені туралы түсініктеме берілмеді. Елеулі залал келтіру фактісінсіз қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерінің болмауына байланысты қылмыстық іс қозғау мүмкін емес.

Осылайша, журналистің іс-әрекетінде Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоқтығына күмән туады. Демек, қылмыстық іс қозғаудың заңдылығы негізінен үлкен мәселе болып табылады.

Журналиске қатысты полиция бөлімінде жеке тінту жүргізілді. ҚІЖК-нің 255-бабына сәйкес жеке тінту тінту жүргізілетін адамның денесінде немесе ішінде, оның киімінде болатын заттар мен құжаттарды табу және алып қою мақсатында жүргізіледі. ҚІЖК-нің 254-бабының 8-бөлігіне сәйкес тінту басталар алдында іс үшін маңызы бар алып қоюға жататын заттар мен құжаттарды өз еркімен беру ұсынылады. Бұл жерде қандай заттар мен құжаттар туралы сөз болып жатыр? Журналистің түсініктемесіне сәйкес, оған ЖСН жариялау бойынша іс үшін нақты оның денесінен немесе ішінен не табуды көздегені айтылмаған.

Жетісу полиция департаментінің ресми хабарламасына сәйкес тергеу судьясы жеке тінту туралы санкция берді. Тергеу соты журналисті тексеруге рұқсат бере отырып, тергеуде – іс үшін қандай заттар мен құжаттарды табуға ниетті екенін анықтауы керек еді. Қор тергеу әрекетін жүргізуге санкция беретін, қылмыстық іс қозғалған қылмыс белгілерінің бар-жоғын, сондай-ақ 147-бап бойынша жеке тінту жүргізу қажеттілігін анықтайтын тергеу сотының қаулысын жария ету қажет деп санайды. Жеке тінту жүргізілген уақытта, полиция бөлімінің Жедел басқару орталығына (ЖБО) қосылған бейнекамера болған. Журналист толығымен жалаңаштануға мәжбүр болды, ал ЖБО -ның барлық қызметкерлері, соның ішінде ер адамдар, жалаңаш әйелді көру мүмкіндігіне ие болды. Конституцияның 17-бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылыққа, басқа қатыгездікке немесе адамның қадір-қасиетін қорлауға немесе жазалауға болмайды. ҚІЖК-нің 13-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде қылмыстық процеске қатысушы адамның ар-намысын қорлайтын немесе қадір-қасиетін төмендететін шешімдер мен әрекеттерге тыйым салынады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры

СІЗДЕН:

1. Бас прокуратура - қылмыстық іс қозғаудың заңдылығын тексеру және негіздер болмаған жағдайда-сотқа дейінгі тергеп-тексеруді дереу тоқтатуды талап ету. Журналисті жеке тінтуінің дұрыстығын, сондай-ақ ЖБО-ға қосылған камераның астында толық жалаңаштанумен жеке тінту жүргізу тәртібін тексеру. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты қажетті іс жүргізу шешімін қабылдау.

2. Жоғарғы сот - тергеу судьясының журналистке жеке тінту жүргізу туралы қаулыны санкциялауының заңдылығын тексеру. Заңсыздық жағдайында күшін жою, тергеу судьясына қатысты тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдау.

3. Ішкі істер министрлігі - қылмыстық іс қозғауға және журналистке қатысты жеке тінту жүргізуге қатысы бар лауазымды адамдарға қатысты қызметтік тергеу тағайындасын. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі адамдарды қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту, ал лауазымдық қылмыстардың белгілері болған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауды сұрайды.

Құрметпен,

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры

Петицияға мына жерде здесь қол қоюға болады.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз