Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Әділ сөз» сөз бостандығы қорғау халықаралық қорының мәлімдемесі

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы деректер бар мақала үшін журналистер мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға қатысты ҚР ҚК-нің жекелеген баптарын қолдануға алаңдаулы. Мұндай тәжірибе журналистердің кәсіби қызметін жүзеге асыру мүмкіндігін азайтады және сөз бостандығы қағидаттарына қайшы келеді деп санаймыз.


Журналистер мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар масс-медиада қылмыстық құқық бұзушылық туралы көрінеу жалған сөз жеткізу мәліметтері бар мақалаларға байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек деп есептейміз.


Қылмыстық процессуалдық кодекстің 181-бабы 4-бөлігінде және Жоғарғы Соттың «Жеке айыптау істері бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 5-тармағында арыз иесін көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы міндетті түрде ескерту көзделген. Мұндай куәләндырылмаған ескертудің болмауы журналистің немесе онлайн-платформа пайдаланушысының қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік туралы мәліметтерді масс-медиада жариялау кезінде қылмыс құрамын алып тастауға тиіс, өйткені заң қасақана жалған хабарлау туралы тікелей ниеттің болуын міндетті жазбаша ескертумен байланыстырады.


Олай болмаған жағдайда Конституцияның 14-бабында көрсетілген заң мен сот алдында барлығының теңдігі қағидасы бұзылады. 


Біз журналистердің құқықтарын құрметтеуге және заңдарды қолдануда теңдік пен әділдікке кепілдік беретін Конституцияның қағидаттарын қатаң сақтауға шақырамыз.
 

Науқанға қолдау көрсетіңіз
Өз сұрағыңызды қойыңыз