Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Тұйық құрсау бұзылды: облыстық прокуратура журналист Диана Сапаркызының кәсіби қызметіне кедергі келтіру туралы істі тергеуге кері қайтарды

23 қаңтарда Қарағанды облысының прокуратурасы Шахтинск қаласының полиция бөлімінің журналист Диана Сапаркызының заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау туралы іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы шешімінің күшін жойды.

Естеріңізге сала кетсек, 18 тамызда "АрселорМитал Теміртау" компаниясының "Казахстанская" шахтасының күзетшілері Б.Тиркин мен Е. Жаншин шахтада болып жатқан оқиғаны түсіру кезінде "ҚазТАГ" ХАА тілшісі Диана Сапарқызына күш көрсеткен. Күзетшілердің бірі журналистен телефонын тартып алып, түсірілген файлдарды өшіріп, ал екіншісі осы уақытта оны күштеп ұстап тұрған.  Осы келеңсіз жағдайдан кейін Диана Сапарқызы полицияға арызбен жүгінді. Шахтинск қаласының полициясы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 73-1-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша Б.Тиркинге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Содан кейін, "Әділ сөз" қоры және журналистің адвокаты Ширин Әмірғалиеваның талабы бойынша ҚР ҚК-нің 158-бабы бойынша қылмыстық тергеу басталды (Журналистiң заңды кәсіби қызметiне кедергi жасау).


Әкімшілік тергеу 27 қазанда тоқтатылды, оған негіз болғаны, істің қылмыстық тергеуге өтуі. Ал 8 қарашада Шахтинск қ.  полиция бөлімшесінің тергеу бөлімінің аға тергеушісі, полицияның аға лейтенанты Қ. Байсейітова күзетшілерге қатысты әкімшілік тергеудің аяқталғанын айтып, қылмыстық тергеуді тоқтатты.


"Әділ сөз" қоры журналистердің қызметіне кедергі жасау жағдайлары ҚР ҚК 158-бабы бойынша тергелуі тиіс және мұндай тергеулер соңына дейін жеткізілуі тиіс деп әрдайым талап етеді. Айта кетейік, Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері, осы бап бойыншп үш іс қана сотқа жетті. ҚР ҚК- нің 158-бабының шынайы жұмыс істеуі- "Әділ сөз" қорының басты міндеттерінің бірі. Кінәлілерді жазалауға қол жеткізу үшін Қор Диана Сапарқызына заң көмегін көрсетті, адвокаттың қызметіне ақы төлеуге көмектесті, осы істі белсенді түрде жариялады, мәлімдемелер жасады және оған медиа, заң және құқық қорғау қоғамдастығының назарын белсенді түрде аударды. 


"Әділ сөз" қоры 23 қаңтарда Қарағанды облысы прокуратурасының ҚР ҚК 158-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатуды дұрыс емес деп және қосымша тергеп-тексеру жүргізу үшін істі Шахтинск қаласының полиция бөліміне жіберу туралы шешімін құптайды және қолдайды. Өз шешімімен Қарағанды облысының прокуратурасы қолданыстағы теріс үрдісті өзгерте алады және ҚР ҚК 158-бабы шынымен жұмыс істейтініне ықпал ете алады.


Біздің пікірімізше, журналистік қоғамдастық және толыққанды, шынайы, объективті ақпаратты еркін алу құқығына мән беретіндердің барлығы осындай шешімдерді қолдауы керек, ал құқық қорғау органдары бастапқыда журналистердің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау фактілерін объективті тергеуді қамтамасыз етуі керек деп санаймыз.

Науқанға қолдау көрсетіңіз
Өз сұрағыңызды қойыңыз