Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

“Азаттық радиосы” журналистерін аккредиттеу жағдайы бойынша "Әділ сөз" мәлімдемесі

ҚР СІМ "Азаттық радиосы" — "Радио Свободная Европа / Радио Свобода" Қазақ қызметінің (РСЕ/РС) 36 қызметкерін аккредиттеуден және аккредиттеуді ұзартудан бас тартты. 30 қаңтарда "Радио Свободная Европа/Радио Свобода- Казақстан" (RFE/RL-Қазақстан) өкілдігі аккредиттеуді беруден және ұзартудан бас тарту туралы Қазақстан СІМ шешімін заңсыз деп тануды және күшін жоюды талап етіп, Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап арыз берді.  

"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қоры Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі салмақты, ақылға қонымды, әділ және Қазақстан өзіне алған заңнама талаптары мен халықаралық міндеттемелерге толық жауап береді деп үміттенеді.  

"Радио Свободная Еврова / Радио Свобода" әлемнің 23 елінде жұмыс істейді. Қазақстанда "Азаттық радиосы" 1993 жылдан бері жұмысын атқарып және көптен бері еліміздің медиа қоғамдастығының ажырамас бөлігіне айналды. Елдегі медиа кеңістіктің әртүрлілігін және пікірлердің плюрализмін сақтау демократияның ажырамас элементі болып табылады және қазақстандықтарға уақытылы, алуан түрлі, объективті ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Науқанға қолдау көрсетіңіз
Өз сұрағыңызды қойыңыз